2012 жылдың 30 қаңтарында "Эксимбанк Қазақстан" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

29.12.11 15:26
/KASE, 29.12.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Эксимбанк Қазақстан" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), 2012 жылдың 30 қаңтарында сағат 12:00 өзінің акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе банктің онымен айрықша қарым-қатынастағы "Орта-Азиялық отын-энергетика компаниясы" АҚ қызығушылығы бар мәмілелерді жасауы туралы болып табылады. Осы жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 80. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 11:30-дан басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2011 жылдың 28 желтоқсанындағы жағдай бойынша құрастырылған. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2012 жылдың 31 қаңтарында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер айтылмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша материалдармен 2012 жылдың 20 қаңтарынан бастап Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 80 мекен-жайы бойынша таныса алады.