"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) 2011 жылдың 28 желтоқсанында Лондон қор биржасындағы 15 078 ЖДҚ қайта сатып алғаны туралы хабарлады

29.12.11 15:07
/KASE, 29.12.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2011 жылдың 29 желтоқсанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың 11 қазанында басталған акцияларды кері сатып алу бағдарламасы аясында, 2011 жылдың 28-желтоқсаны күні бір Жаһандық депозитарлық қолхат ("ЖДҚ") үшін орташа бағасы 14,76 АҚШ долларынан Лондон қор биржасында (LSE) орналастырылған 15 078 ЖДҚ сатып алғанын хабарлайды. Акцияларды кері сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері Компания барлығы 1 260 585 ЖДҚ пен 3 733 жай акцияларды сатып алды. Байланыстық ақпарат: "ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600) Дәулет Жұмаділ e-mail: pr@kmgep.kz "ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433) Әсел Қалиева e-mail: ir@kmgep.kz Pelham Bell Pottinger +44 207 861 3147 Елена Добсон E-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk цитата соңы