ҚҰБ ҚҚК "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ KZ2C0Y05C747 (KZ2C00000289, REALb1) облигациялары шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді

29.12.11 14:59
/KASE, 29.12.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ (Алматы), өзінің KZ2C0Y05C747 (KZ2C00000289, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, REALb1; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 30.05.08 – 30.05.13, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 11,70 %, 30/360) облигациялары шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 21 желтоқсанында тіркеп, "REAL- INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер мен тоолықтыруларға байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/REAL/realf9b1_izm_211211.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.