ҚҰБ ҚҚК "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді

29.12.11 14:50
/KASE, 29.12.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ (Алматы), өзінің акциялары шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 21 желтоқсанында тіркеп, "REAL- INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер мен толықтыруларға байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/REAL/realf9_izm_211211.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.