"REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ (Қазақстан) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметпен айналысуға берілген лицензияны уәкілетті органға өз еркімен қайтарғаны туралы хабарлады

29.12.11 12:35
/KASE, 29.12.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) қорлық және жедел нарықтарының мүшесі болып табылатын "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ (Алматы), биржаға баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: 2011 жылдың 23 желтоқсанында "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды бақылау мен қадағалау жөніндегі агенттігіне номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің есеп-шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметпен айналысуға берілген лицензияны өз еркімен қайтарды. Лицензияны өз еркімен қайтаруы, ең алдымен, бизнестің әртараптануына байланысты болып отыр: 2011 жылы брокерлік қызмет көрсету басымды қызмет ретінде белгіленді. Осы бағытты дамыту мақсатында "Jazz Capital" акционерлік қоғамы брокерлік үйі тіркелді. Қаржылық нарықтың "жаңа" қатысушысының алдына қойған міндеттері Қазақстан Республикасы Президенті айтқандай, – халықтың қаржылық сауаттылығын жоғарлату, бөлшек қор нарығын дамыту. Осы міндеттерді атқару Jazz Capital Open (www.opengame.kz) бүкілқазақстандық турнирін өткізуден басталды. Оның жеңімпаздары 2011 ж. 26 желтоқсанында жарияланды. Келесі жылы даму стратегиясының шегінде қазақстандықтарға анағұрлым жоғары деңгейде брокерлік қызмет көрсету жоспарланып отыр, көрсетілетін қызметтер мен өнімдердің түрлері кеңейтілмек. Брокерлік қызмет туралы толық ақпаратты www.jazzcapital.kz "Jazz Capital" Брокерлік үйі" АҚ интернеттегі ресми бетінен табуға болады.