"ЦентрКредит Банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1P36280116 артықшылықты акциялары бойынша 2011 жылға дивиденділер төлеуді көздеп отырғаны туралы

29.12.11 11:17
/KASE, 29.12.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, бір акцияға 0,01 теңге мөлшерінде 2010 жылдың желтоқсаны – 2011 жылдың желтоқсаны кезеңінде жай акцияларға айырбасталатын өзінің KZ1P36280116 артықшылықты акцилары бойынша дивидендтер төлеуі туралы хабарлады. Айтылмыш хабарламаға сәйкес, дивидендтер 2011 жылдың 20 желтоқсанынан 2012 жылдың 31 қаңтарына дейін төленеді, дивидендтер төлеу үшін артықшылықты акцияларды ұстаушылардың тізілімі 2011 жылдың 01 желтоқсанына бекітілді.