"Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) өзінің KZPC4Y09B879 (KZ000A0T9AM5, TSBNb6) облигациялары бойынша 10-шы купонын төлеуі туралы хабарлады

29.12.11 09:50
/KASE, 29.12.11/ – "Цеснабанк" АҚ (Астана) 2011 жылдың 23 желтоқсанындағы өзінің KZPC4Y09B879 (KZ000A0T9AM5, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, TSBNb6; 1 теңге, 4,0 млрд теңге, 14.12.06 – 14.12.15; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 9,40 %; 30/360) ипотекалық облигациялары бойынша оныншы купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 117 014 960,00 теңге құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы тиіс.