Fitch "БТА Банкі" АҚ (Қазақстан) эмитентінің ұзақмерзімді де фолт рейтингілерін "С" деңгейіне дейін төмендетті

26.12.11 13:06
/Fitch Ratings, Лондон-Мәскеу, 23.12.11, Fitch Ratings ағылшын тілінен аударма, KASE тақырыпшасы/ – Fitch Ratings БТА Банкі, Қазақстан эмитентінің ұзақмерзімді дефолт рейтингілерін ("ЭДР") "ССС" деңгейінен "С" деңгейіне төмендетті. Рейтингілік әрекеттердің толық тізімі осы хабарламаның соңында берілген. Рейтингілер БТА Банкінің өз акционерлеріне банктің міндеттемелерін екінші рет қайта құрылымдаудан өткізу (алдыңғы қайт құрылымдау 2010 ж. аяқталды) туралы ұсыныс жасауды жоспарлап отырғаны және Самұрық Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры Басқарма Төрағасының Орынбасары (БТА Банкінің мажоритарлық акционері) Айдан Карибжанов қор осы іске демеу көрсететіні туралы кешегі хабарламасынан кейін төмендеді. Fitch пікірінше, қайта құрылымдау негізінен БТА Банкінің шығарылған борыштық міндеттемелеріне қатысты болады. Олар ҚЕХС есеп беруішілігіне сәйкес, 2011 ж. 3 тоқсанының аяғына банктің міндеттемелерінің 28,5 % құрады. Қайта құрылымдау туралы ресми шешім банктің акционерлерінің 2012 жылдың 26 қаңтарына белгіленген жиналысында қабылдану керек. Fitch осындай мәлімдемелерден кейін және Самұрық-Қазынада қайта құрылымдауды мақұлдау үшін дауыстар жеткілікті екенін, және мұндай жағдай рейтингілерді "С" деңгейінде белгілеуге мәжбүр ететінін ескере отырып, БТА Банкінің дефолтының алдын алу мүмкін емес деп болжайды. Банктің акционерлерінің жиналысында қайта құрылымдау ресми түрде мақұлданып, банк өзінің бірқатар міндеттемелері бойынша қызмет көрсетуді тоқтатса, Fitch БТА рейтингін "RD" деңгейіне дейін түседі деп күтуде. Агенттік БТА қаржылық позициясы өте әлсіз екенін, және банк сыртқы демеу болмағанда сөзсіз дефолтқа ұрынар еді деп есептейді (бұған "f" деңгейіндегі рейтинг куәландырады) 2011 ж. 3 тоқсанының соңында БТА теріс меншікті капиталы ҚЕХС бойынша қаржылық есеп берушілікке сәйкес, шамамен 2,2 млрд. долл. құрады, негізінен несиелердің құнсыздануы резервтерінің жоғары деңгейі есебінен (жалпы несие портфелінің 69%). БТА қарызы құнының жоғары болуы және операциялық шығындардың көп болуы себенінен, 2011 ж. 9 айындағы құнсыздануға аударымдар жасауға дейінгі шығын 0,5 млрд. долл. құрады. Самұрық-Қазына қоры банктің 2012 ж. қайта құрылымдалуы аяқталғаннан кейін БТА 81,5 пайыздық үлесін иеленді. Жасалған рейтингілік әрекеттер: БТА Банкі Шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақмерзімді ЭДР "ССС" деңгейінен "С" деғгейіне төмендетілді Шетелдік және ұлттық валютадағы қысқамерзімді ЭДР "С" деңгейінде расталды Тұрақтылық рейтингі "f" деңгейінде расталды Жеке рейтингі "F" деңгейінде расталды Демей рейтингі "5" деңгейінде расталды Ұзақмерзімді ЭДР демеу деңгейі қайта қарастырылып, "ССС" деңгейінен "С" деңгейіне түсті Артықшылықты қамтамасыз етілмеген борыш: рейтингі "ССС" деңгейінен "С" деңгейіне түсті, активтердің қайтымдылығының рейтингі "RR5" Субординацияланған борыш: рейтингі "С" деңгейінде расталды, активтердің қайтымдылығының рейтингі "RR6". Байланыстар: Бірінші талдаушы Роман Корнев, Талдаушы +7 495 956 99 01 Екінші талдаушы Аслан Тавитов, Кіші директор +7 495 956 70 65 Комитеттің Төрағасы Александр Данилов, Аға директор +7 495 956 24 08 Мәскеудегі баспасөзге арналған байланыстар: Анна Быкова, Мәскеу, тел.: + 7 495 956 9903/9901, anna.bykova@fitchratings.com