"Нұрбанк" АҚ (Қазақстан) Басқарма Төрағасының м.о. болып уақытша Р.С. Жаканбаев тағайындалды

23.12.11 17:39
/KASE, 23.12.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Нұрбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – Банк), биржаға ресми хат жолдап, 2011 жылдың 08 желтоқсанында Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдағанын хабарлады: 1. Банктің Басқарма Төрағасының Орынбасары Сакен Кадирович Ахметовты Банктің Басқарма Төрағасы міндеттерін орындаудан босату туралы (Банктің Басқарма Төрағасының міндеттерін орындайтын соңғы күні – 12.12.2011 жыл). 2. Басқарма Төрағасын сайлағанға дейін, бірақ 60 күнтізбелік күннен артық емес мерзімге, 2011 жылдың 13 желтоқсанынан бастап Банктің Басқарма Төрағасының міндеттерін орындау негізгі жұмысынан босатылмастан, Банктің Қаржылық директоры – Басқарма мүшесі Ришат Сельмарович Жаканбаевқа жүктелсін.