"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) 2011 жылдың 22 желтоқсанында Лондон қор биржасындағы 39 350 ЖДҚ және KASE KZ1C51460018 (KZ000A0KEZQ2, RDGZ) 110 жай акциясын қайта сатып алғаны туралы хабарлады

23.12.11 15:13
/KASE, 23.12.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2011 жылдың 22 желтоқсанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың 11 қазанында басталған акцияларды кері сатып алу бағдарламасы аясында, 2011 жылдың 22-желтоқсаны күні бір Жаһандық депозитарлық қолхат ("ЖДҚ") үшін орташа бағасы 15,03 АҚШ долларынан Лондон қор биржасында (LSE) орналастырылған 39 350 ЖДҚ сатып алғанын хабарлайды, сондай-ақ бір жай акция үшін орташа бағасы 13 850,00 теңгеден Қазақстан қор биржасында орналастырылған 110 жай акцияны сатып алғанын хабарлайды. Акцияларды кері сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері Компания барлығы 1 221 726 ЖДҚ пен 3 733 жай акцияларды сатып алды. Байланыстық ақпарат: "ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600) Дәулет Жұмаділ e-mail: pr@kmgep.kz "ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433) Әсел Қалиева e-mail: ir@kmgep.kz Pelham Bell Pottinger +44 207 861 3147 Елена Добсон E-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk цитата соңы