"SAT & Company" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесі ұйымдастырымаған нарықта бір акция үшін 71,00 теңге бағасымен акций KZ1C54620014 (KZ1C00000553, SATC) 75 000 000 жай акциясын орналастыру туралы шешім қабылдады
18.11.11 17:53
/KASE, 18.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "SAT & Company" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат
жолдап, төмендегіні хабарлады.
"SAT & Company" АҚ (бұдан әрі – Қоғам)... 2011 жылдың 17 қарашасында
Директорлар кеңесі бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында
Қоғамның жарияланған акцияларының шегінде жай акцияларды
орналастыру туралы шешім қабылдады.
Орналастырылатын акциялар туралы ақпарат:
- орналастырылатын акциялардың саны мен тұрпаты: 75 000 000 (жетпіс
бес миллион) дана жай акция;
- жай акциялар Қазақстан қор биржасының (KASE) бірінші санаттағы
ресми тізіміне енгізілген;
- орналастырылған акциялардың (қоғам қайта сатып алғандарын есепке
алмағанда) орналастырылатын бағалы қағаздардың санына қатынасы:
1 199 465 719 (бір миллиард жүз тоқсан тоғыз миллион төрт жүз алпыс
бес мың жеті жүз он тоғыз) орналастырылған жай акция/ 75 000 000
(жетпіс бес миллион) орналастырылатын жай акция, немесе 16;
- Қоғамның орналастырылатын жай акцияларын сатып алу шарттары: жай
акцияларды иеленуші басқа акционерлермен бірдей шарттармен,
акционердің қолында бар жай акциялардың санына пропорционалды,
Директорлар кеңесі бекіткен орналастыру бағасы бойынша;
- Қоғамның Директорлар кеңесі бекіткен орналастыру бағасы: бір акцияға
71 (жетпіс бір) теңге;
Орналастырылатын акцияларды сатып алуға артықшылықты құқығы бар
акционерлердің тізімін Қоғамның тіркеушісі Қоғамның 2011 жылдың
17 қарашасындағы Қоғамның бағалы қағаздары иелерінің тізімдемесі
жүйесінің мәліметтері негізінде құрған.
Қоғам акионерлері акцияларды сатып алуға артықшылықты құқығын
пайдалануға өтініштерін осы ұсыныс бұқаралық ақпарат құралдарында
жарияланған күннен бастап 30 күннің ішінде бере алады.
Әрбір акционер Қоғамның орындаушы органына Алматы қ., Мұқанов көш.,
241 мекенжайы бойынша жазбаша өтінім жасау арқылы жай акцияларды
жоғарыда көрсетілген шарттармен сатып ала алады.
Заң департаменті
Байланыс телефондары: 2-777-111 (ішкі 271, 272).
Корпоративтік хатшы – Светлана Тюфякова.
[2011-11-18]