ҚҰБ ҚҚК "ТЕМА Ко." АҚ (Қазақстан) KZ2P0Y03D754 (TEMAb2) облигацияларының орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

04.11.11 17:44
/KASE, 04.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ТЕМА Ко." АҚ (Алматы), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 30 қазанындағы ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес ҚҰБ ҚҚК "ТЕМА Ко." АҚ KZ2P0Y03D754 облигацияларының (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар", TEMAb2; 1 000 теңге, 1,2 млрд теңге; 14.05.10 – 14.05.13; тоқсандық купон жылдық 13,00 %; 30/360) орналастырылу нәтижелері туралы есебін бекітті. Аталған облигацияларды орналастыру нәтижелері туралы есеп http://www.kase.kz/files/emitters/TEMA/tema_razmb2_261011.pdf KASE веб- сайтында мекен-жайы бойынша жарияланды. [2011-11-04]