KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Бірікке Корольдік) 177 623 өзінің GB00B0HZPV38 (GB_KZMS) жай акцияларын шығаруы туралы хабарлады

25.11.11 17:54
/KASE, 25.11.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон) 2011 жылдың 25 қарашасындағы ескертпе хатын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Kazakhmys PLC Компаниясы 177 623 жай акциясын шығарды. Акциялар, Kazakhmys PLC акцияларындағы үлесіне айырбастау бойынша аяқталған кампаниясына қатысқан, "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС миноритарлы қатысушыларының иелігіне беру үшін арналған. Бағдарлама 2011 жылдың 12 қыркүйегінен бастап 31 қазанына дейін өтті. Осы акцияларды Ұлыбританияның қаржылық реттеу мен бағалау басқармасының ресми тізіміне енгізуге және Лондондық қор биржасының негізгі сауда-саттық алаңында айналысқа жіберу рұқсатын алуға өтінім берілді. Компания қатысушыларға акцияларды беруді 2011 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей жүзеге асырады. Жаңа акционерлер ірі, танымал компанияның, FTSE-100 индексіне кіретін, акцияларын иеленудің артықшылықты құқықтарын алады, сонымен бірге осы акциялар жоғары өтімділікпен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар болып табылып, дивиденділер алуға, диверсификацияланған бизнеске қатысуға, сондай-ақ акцияонерлердің жалпы жиналыстарында дауыс беруге мүмкіндік береді. Жарияланған кампания шегінде, "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС миноритарлы қатысушылары өз үлестерін тек Kazakhmys PLC акцияларына ғана емес, қолма-қол ақшаға ауыстыруға да мүмкіншілігі болды. Осы кампанияның қорытындысы бойынша Kazakhmys PLC сатып алған үлестердің жалпы саны акцияларды айырбастау басталар алдындағы миноритарлы қатысушыларға тиесілі барлық үлестерден 53% құрады. Кампания қорытындысы бойынша "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС жарғылық капиталындағы миноритарийлердің үлесі 0,27%-дан 0,14%-ға азайды. Компания "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС миноритарлы қатысушыларының көптеген сұрауы бойынша үлестерді үшінші рет сатып алып отыр. Бұдан бұрын осындай бағдарламалар 2004 жылы және 2007 жылы өткізілген. Қосымша ақпараттар алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз: Қазақмыс Джон Смэлт Корпоративтік қарым-қатынастар бөлімінің жетекшісі Тел: +44 20 7901 7882 Тел: +44 78 7964 2675 Ирина Третьякова Қаржылық талдаушы Тел: +44 20 7901 7814 Мақсұт Жапабаев Алматыдағы корпоративтік қарым-қатынастар бөлімінің жетекшісі Тел: +77 27 3304 556 Мерлин Дэвид Саймонсон Тел: +44 20 7726 8400 Мария Бабкина Тел: +44 20 7726 8400 конец цитата соңы [2011-11-25]