2011 жылғы 30 қарашасында "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ KASE 451 440 KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLB1) облигацияларын жылдық 14,4% қайта сатып алды

30.11.11 18:26
/KASE, 30.11.11/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "буферлі санат" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге; 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,75 %; 30/360) инфрақұрылымдық облигацияларын қайта сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Сауда-саттықта эмитент 4 360 000 KZ2CKY23B672 инфрақұрылымдық облигацияларын (осы шығарылымның орналастырылған облигацияларының 14,5%) қайта сатып алуды көздеген. Облигациялардың бағалы қағаздың номиналды құнынан үтірден кейңн төртінші таңбаға дейін дәл, пайызбен көрсетілген "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттық заты болды. Қайта сатып алуға қатысу туралы өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытының (ALT) 10:00-інен 13:00-іне дейін берілді. Сату туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – шектелімді қарсы өтінімдердің кесімді бағаға тең және сатып алушы үшін мейлінше тиімді бағалары бойынша. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер қабылданды. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа 24 өтінім берген KASE жеті мүшесі қатысты, олардың ішінде өтінімідер беру кезеңінің аяқталу сәтіне 15 615 050 облигацияны сату туралы 15 ордер белсенді күйінде қалды. Осылайша, сауда- саттықтағы ұсыныс сұраныстан 3,6 есе артық болды. Берілген өтінімдердегі "таза бағалар" 64,0000 % (жылдық 14,6 %) бастап 124,4834 % (жылдық 6,3 %) дейін ауытқыды, сөйтіп орташа сараланған мәні 90,6337 % (сатып алушының өтеуіне жылдық 9,9 %) құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 88,8 % зейнетақы нарығының субъектілерінің үлесі болды, брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесі – 2,2 %, брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесі – 8,9 %. Сауда-саттық нәтижесі бойынша эмитент кесімді бағаны 65,0000 % деңгейінде бекітті, бұл сатып алушының өтеуіне қарай облигациялардың кірістілігіне жылдық 14,35 % мөлшерінде сәйкес келеді, осылайша 451 440 облигацияны қайта сатыр алды. Мәмілелердің орташа сараланған "таза" бағасы 64,9725 % (сатып алушының өтеуіне жылдық 14,36 %) құрады. Қайта сатып алу сомасы 306 369 150,00 теңгені құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтіне барлық мәмілелер орындалған. Облигациялардың барлық көлемі брокерлік-дилерлік компаниялардың клиенттері арқылы сатылды. [2011-11-30]