2011 жылғы 30 қарашасында "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ KASE 451 440 KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLB1) облигацияларын жылдық 14,4% қайта сатып алды
30.11.11 18:26
/KASE, 30.11.11/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық
жүйесінде "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) KZ2CKY23B672
(KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "буферлі санат" санаты, DTJLb1; 1 000
теңге; 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейі бойынша
индекстелген жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,75 %;
30/360) инфрақұрылымдық облигацияларын қайта сатып алу бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
Сауда-саттықта эмитент 4 360 000 KZ2CKY23B672 инфрақұрылымдық
облигацияларын (осы шығарылымның орналастырылған облигацияларының 14,5%)
қайта сатып алуды көздеген.
Облигациялардың бағалы қағаздың номиналды құнынан үтірден кейңн
төртінші таңбаға дейін дәл, пайызбен көрсетілген "таза" бағасы
(жинақталған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттық заты болды. Қайта
сатып алуға қатысу туралы өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытының
(ALT) 10:00-інен 13:00-іне дейін берілді. Сату туралы өтінімдерді
қанағаттандыру тәсілі – шектелімді қарсы өтінімдердің кесімді бағаға
тең және сатып алушы үшін мейлінше тиімді бағалары бойынша. Сауда-саттыққа
тек шектелімді өтінімдер қабылданды. Есептесу схемасы – Т+0.
Сауда-саттыққа 24 өтінім берген KASE жеті мүшесі қатысты, олардың
ішінде өтінімідер беру кезеңінің аяқталу сәтіне 15 615 050 облигацияны
сату туралы 15 ордер белсенді күйінде қалды. Осылайша, сауда-
саттықтағы ұсыныс сұраныстан 3,6 есе артық болды. Берілген
өтінімдердегі "таза бағалар" 64,0000 % (жылдық 14,6 %) бастап
124,4834 % (жылдық 6,3 %) дейін ауытқыды, сөйтіп орташа сараланған
мәні 90,6337 % (сатып алушының өтеуіне жылдық 9,9 %) құрады.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 88,8 % зейнетақы нарығының
субъектілерінің үлесі болды, брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесі –
2,2 %, брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесі – 8,9 %.
Сауда-саттық нәтижесі бойынша эмитент кесімді бағаны 65,0000 %
деңгейінде бекітті, бұл сатып алушының өтеуіне қарай облигациялардың
кірістілігіне жылдық 14,35 % мөлшерінде сәйкес келеді, осылайша
451 440 облигацияны қайта сатыр алды. Мәмілелердің орташа
сараланған "таза" бағасы 64,9725 % (сатып алушының өтеуіне жылдық
14,36 %) құрады. Қайта сатып алу сомасы 306 369 150,00 теңгені
құрады.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректері
бойынша осы ақпаратты жариялау сәтіне барлық мәмілелер орындалған.
Облигациялардың барлық көлемі брокерлік-дилерлік компаниялардың
клиенттері арқылы сатылды.
[2011-11-30]