EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC компаниясы (ENRC, Біріккен Корольдігі) өзінің 2011 жылдың үшінші тоқсанындағы қызметінің нәтижелерін жариялады

24.11.11 17:41
тізімінде тұрған EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC компаниясы (Лондон), биржаға 2011 жылдың 10 қарашасындағы баспасөз- хабарламасын жолдап, төмендегі туралы мәлімдеді. Eurasian Natural Resources Corporation PLC ("ENRC" немесе барлық еншілес кәсіпорындарымен бірге – "Топ") бүгін басшылығының 2011 жылдың қарашасына арналған алдын ала қорытындылар туралы және 2011 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған үшінші тоқсан үшін өндірістік есептерін ұсынады. 2011 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған тоғыз айдағы негізгі көрсеткіштер - Барлық негізгі шикізат тауарларының өндірісі қолданыстағы толық қуаттылықпен өндірілді. Мыс және кобальт өндірісі тиісінше 40% және 27% ұлғайды. - Біздің негізгі шикізат тауарларымыздың жоғары құнының есебінен және сатылымдар көлемінің өсуінен табыс айтарлықтай ұлғайды. Жалпы қаржылық нәтиже шығындардың өсімімен ішінара өтелді. - Қаржылық жағдай мықты болды: жалпы бос акқша қаражаты 1,2 млрд АҚШ долларын құрады, жалпы қарыз 1,5 млрд АҚШ долларына тең болды. - Органикалық өсім бағдарламасы жоспарға сәйкес іске асырылуда. Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасын KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GB_ENRC/gbenrc_reliz_101111_.pdf мекенжайы бойынша көруге болады. [2011-11-24]