ҚҰБ ҚҚК "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ бірінші, екінші және үшінші облигациялық бағдарламалар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерін тіркеді

16.11.11 16:12
/KASE, 16.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), өзінің бірінші, екінші және үшінші облигациялық бағдарламалар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерінің көшірмесін KASE ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 09 қарашасында тіркеп, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Басқармасының құрамында болған өзгерістерге байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/hsbk мекенжайы бойынша жарияланған. [2011-11-16]