"БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілем ипотекалық ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Қазақстан) өзінің KZPC3Y10B333 (KZ2C00000909, BTAIb5) облигациялары бойынша 13-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

14.11.11 17:38
/KASE, 14.11.11/ – "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілем ипотекалық ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 11 қарашада өзінің KZPC3Y10B333 облигациялары бойынша (KZ2C00000909, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb5; 100 теңге, 4,0 млрд теңге, 11.05.05 – 11.05.15; инфляция деңгейімен индекстелінген жарты жылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 9,40 %, 30/360) он үшінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 49 703 910,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс. [2011-11-14]