"Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) Moody's Investors Service және Standard & Poor's рейтингілік агенттіктері USN97708AA49, US98951QAA31 (ZHMNe1) халықаралық облигацияларының рейтингілік бағалауын растағаны туралы хабарлады

09.11.11 16:07
/KASE, 09.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал) Биржаға ресми хат жолдап, "Жайықмұнай" ЖШС борыштық бағалы қағаздарына, ISIN USN97708AA49 (REG S) және US98951QAA31 (RULE 144F) сәйкестендіру нөмірлері бар, облигациялары берілген, рейтингілік бағалауларды Moody's Investors Service және Standard & Poor's рейтингілік агенттіктері растағанын хабарлады. "Жайықмұнай" ЖШС биржаға ұсынған, аталған агенттіктер хаттарының 2011 жылдың 03 қарашасындағы көшірмелеріне сәйкес, аталған облигациялар рейтингілері: - Moody's Investors Service – "В3" деңгейінде; - Standard & Poor's – "В" деңгейінде расталды. [2011-11-09]