"Казкоммерцбанк" АҚ (Қазақстан) өзінің 2011 жылдың үшінші тоқсанындағы және қаңтар-қыркүйек айларындағы қызметінің нәтижелері туралы хабарлады

29.11.11 16:13
/KASE, 29.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 29 қарашасындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, төмендегі туралы хабарлады: Казкоммерцбанк өзінің тоғыз айдағы (2011 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған) қызметі туралы, ҚЕХС сәйкес құрастырылған, қаржылық есеп берушілігіне негізделген шоғырландырылған қажылық есеп берушілігін жариялады. Негізгі көрсеткіштері - Банктің 2011 жылдың тоғыз айындағы таза пайдасы, 2010 жылдың тоғыз айындағы 15,7 млрд.-мен салыстырғанда, 14,0%-ға 17,9 млрд. теңгеге дейін өсті. - Түзетілген таза пайыздық маржасы 3,3% құрады. - "провизияларды есептегенге дейінгі операциялық пайдасына қатысты операциялық шығындары", 2010 жылдағы 22,4%-мен салыстырғанда, 26,4% құрады. - Депозиттер көлемі жыл басынан 19%-ға өсті. - Брутто қарыздар3-ші тоқсанда 1,1%-ға артты (жыл басынан 1,8%-ға төмендеді). - 1-деңгейдегі капиталдың адекваттық коэффициенті 17,5% дейін өсті (2010 жылдың соңындағы 16,2%-дан). - Меншікті капиталының адекваттық коэффициенті 22% дейін өсті (2010 жылдың соңындағы 20,1%-дан). - Клиенттердің несиелері бойынша сақтық қорда сақтау мөлшерлемесі 22,7% дейін өсті. - Несиелердің жалпы көлемінен қолданыстағы емес несиелер 27,3% құрады. Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_291111.pdf – мекен-жайы бойынша орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_291111_e.pdf – мекен-жайы бойынша ағылшын тілінде танысуға болады. [2011-11-29]