"Интергаз Орталық Азия" АҚ USN45748AB15, US45867EAB20 (INCAe2) халықаралық облигациялары 11 қарашадан бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

11.11.11 14:51
/KASE, 11.11.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2011 жылдың 11 қарашасындағы шешімімен "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) USN45748AB15, US45867EAB20 халықаралық облигациялары ($600,0 млн; 14.05.07 – 14.05.17, жарты жылдық купон 6,375 %, 30/360) KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағындағы шарттарды орындағанына байланысты, 2011 жылдың 11 қарашасынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталған облигациялардың иелері тізілімінің жүйесін жүргізуді The Bank of New York жүзеге асырады. Аталған облигациялар бойынша төлем агенті The Bank of New York болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) INCAe2 берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар KASE веб-сайтында 2011 жылдың 11 қарашасында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/inca мекен-жайы бойынша жарияланған. [2011-11-11]