"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ өз акционерлерінен KZ1P33870117 (KZ000A0LE0R6, HSBKp) және KZ1P33870216 (KZ1P00000244, HSBKp1) артықшылықты акцияларының бір бөлігін қайта сатып алмақшы

22.11.11 17:07
/KASE, 22.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 22 қарашасында KASE баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады. "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі – "Банк") Банктің орналастырылған артықшылықты акцияларының және Банктің жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акцияларының бір бөлігін (бұдан әрі бірге "Акциялар" деп аталады) акционерлердің шектелмеген ортасынан нарықтың ұсынысына байланысты бір Акция үшін 140 теңгеден бастап 145 теңгеге дейінгі шекте жалпы сомасы 20 млрд. теңгеден аспайтын сомаға сатып алуды (бұдан әрі – "Акцияларды қайтып сатып алу") ұсынғалы отырғанын хабарлады. Акцияларды қайта сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылған нарықта жүзеге асырылады. Акцияларды сатып алу "Самұрық-Қазына" АҚ және Банк арасында артықшылықты акцияларды кері сатып алу туралы опциондық келісімді орындау болып табылмайды. Акцияларды қайта сатып алу шарттары қосымша жарияланады. Акцияларды қайта сатып алу бойынша кеңесші "Halyk Finance" АҚ болады. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ баспасөз қызметі тел. +7 727 2 590 816, www.halykbank.kz Осы хабарламаның мазмұнында Акцияларды сату туралы немесе сатып алу туралы ұсыныс жоқ және осы хабарлама осындай ұсыныс болып табылмайды. [2011-11-22]