"Нұрбанкі" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP04Y05B426 (KZ2C00001345, NRBNb7) облигациялары бойынша 6-шы купонын төлеуі туралы хабарлады

11.11.11 14:44
/KASE, 11.11.11/ – "Нұрбанкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 08 қарашасында өзінің KZP04Y05B426 облигациялары бойынша (KZ2C00001345, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, CCBNb14; 100 теңге, 5,0 млрд теңге, NRBNb7; 100 теңге, 10,0 млрд теңге, 05.11.08 – 05.11.13, жарты жылдық купон жылдық 9,10 %, 30/360) алтыншы купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 549 742 110,50 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс. [2011-11-11]