ҚҰБ ҚҚК "Қазкоммерцбанкі" АҚ (Қазақстан) бірінші және екінші облигациялық бағдарламаларының және KZ2CKY10B513 (KZ2C00000750, KKGBb4), KZ2CKY10B695 (KZ2C00000768, KKGBb5) облигацияларының шығарылым аңдатпаларына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді

01.11.11 14:51
/KASE, 01.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазкоммерцбанкі" АҚ (Алматы), өзінің бірінші және екінші облигациялық бағдарламаларының, сондай-ақ мынадай облигацияларының: - KZ2CKY10B513 (KZ2C00000750, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, KKGBb4; 10 000 теңге, 7,0 млрд теңге; 25.03.05 – 25.03.15; инфляция деңгейімен индекстелінген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 10,40 %; 30/360); - KZ2CKY10B695 (KZ2C00000768, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, KKGBb5; 1 000 теңге, 5,5 млрд теңге; 08.09.05 – 08.09.15, деңгейімен индекстелінген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 9,50 %; 30/360); шығарылым аңдатпаларына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитеті (ҚҚК) 2011 жылдың 12 қазанында тіркеп, "Қазкоммерцбанкі" АҚ Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістерге байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kkgb мекен-жайы бойынша жарияланған [2011-11-01]