"САУТС-ОЙЛ" ЖШС (Қазақстан) 24 қарашада өзінің 20 000 KZ2P0Y03E026 (KZ2P00001605, STSOb1) облигациясын KASE жылдық 9,0% орналастырды

24.11.11 17:15
/KASE, 24.11.11/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "САУТС-ОЙЛ" ЖШС (Шымкент) KZ2P0Y03E026 (KZ2P00001605, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар қарыздық бағалы қағаздар» санаты, STSOb1; 10 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 08.09.11 – 08.09.14; жарты жылдық купон жылдық 9,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Эмитент сауда-саттықта KZ2P0Y03E026 20 000 облигациясын орналастыруды жоспарлаған (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санының 20%). Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – жарияланған баға бойынша. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE бір мүшесі қатысты – өзінің клиентінің атынан әрекет еткен брокерлік-дилерлік компания. 20 000 облигацияны сатып алуға екі өтінім берілді. Өтінімдер беру кезеңі аяқталу сәтінде екі өтінімде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсынысқа сай болды. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 100,0000 % (сатып алушы өтеуіне жылдық 9,0 %). Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент көрсетілген баға бойынша екі өтінімді де қанағаттандыру туралы шешім қабылдады, сөйтіп облигациялардың барлық жоспарланған көлемін орналастырды. Осы орайда тартылған сома 203 800 000,00 теңгені құрады. [2011-11-24]