"САУТС-ОЙЛ" ЖШС (Қазақстан) 24 қарашада өзінің 20 000 KZ2P0Y03E026 (KZ2P00001605, STSOb1) облигациясын KASE жылдық 9,0% орналастырды
24.11.11 17:15
/KASE, 24.11.11/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде
"САУТС-ОЙЛ" ЖШС (Шымкент) KZ2P0Y03E026 (KZ2P00001605, KASE ресми тізімі,
"Рейтингілік бағалауы бар қарыздық бағалы қағаздар» санаты, STSOb1;
10 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 08.09.11 – 08.09.14; жарты жылдық купон
жылдық 9,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өтті.
Эмитент сауда-саттықта KZ2P0Y03E026 20 000 облигациясын орналастыруды
жоспарлаған (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы
санының 20%).
Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына
дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы"
(жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға
қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап
13:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды.
Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – жарияланған баға
бойынша. Есептесу схемасы – Т+0.
Сауда-саттыққа KASE бір мүшесі қатысты – өзінің клиентінің атынан әрекет
еткен брокерлік-дилерлік компания. 20 000 облигацияны сатып алуға екі
өтінім берілді. Өтінімдер беру кезеңі аяқталу сәтінде екі өтінімде белсенді
болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсынысқа сай болды. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 100,0000 % (сатып алушы өтеуіне жылдық 9,0 %).
Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент көрсетілген баға бойынша
екі өтінімді де қанағаттандыру туралы шешім қабылдады, сөйтіп облигациялардың
барлық жоспарланған көлемін орналастырды. Осы орайда тартылған сома
203 800 000,00 теңгені құрады.
[2011-11-24]