АНОНС: 2011 жылдың 25 қарашасында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (Қазақстан) Басқарма Төрағасымен компанияның инновациялық дамуы мәселелеріне арналған кездесу өтеді

24.11.11 17:03
/KASE, 24.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (Астана) бүгін биржаға ақпараттық хабарлама жіберді. Бұл хабарламада "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ компаниялар тобында инновациялық даму мәселелері бойынша "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Б. Акчулаковтың қатысуымен өтетін шараға шақыру берілген. Өтетін уақыты: ертең, 25 қараша күні, сағат 09.00 (Алматы қ., Қазақ-Британ Техникалық Университетінің ғимараты, BG залы, 4 қабат, ғимараттың кіре берісі Төле Би көшесі жағынан). Қатысу туралы 24 қарашаның 18. 00 дейін келесі тел. бойынша хабарлау керек: Константин Харламов баспасөз-хатшысы "ҚазМұнайГаз" АҚ +7 701 242 65 71 Ботагоз Торгаева баспасөз-хатшысы ҚБТУ + 7 705 220 15 76 + 7 (727) 277 0443 b.torgaeva@kbtu.kz Қатысуды міндетті түрде растау қажет. [2011-11-24]