Еуразиялық даму банкі "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ холдингі" АҚ-ның (Қазақстан) балансының құрылымын оңтайландыру үшін $32,5 млн көлемінде несие ұсынғаны туралы хабарлады

02.11.11 15:50
/KASE, 02.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі 2011 жылдың 02 қарашасындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ холдингі" АҚ-ның батыс қор нарықтарына шығуға даярлық барысында баланс құрылымын оңтайландыру бойынша компанияның өткізетін шаралары аясында, қазақстандық компанияны қаржыландыруға кірісті. Банк холдингке 5 жыл мерзімге 35,2 млн. АҚШ долларын береді. "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ холдингі" АҚ-ның шаралары дәнді дақылдар мен зәйтүн майларын сатып алуға, дәнді дақылдар мен зәйтүн майлары үшін инфрақұрылымды дамытуға бұдан бұрын тартылған, қарызға алынған қаражатты алмастыруды қарастырады. Ағымдағы қарызды алмастыру қарыз берушілерге сыйақы төлеуге және кепілідк массаны сақтау бойынша шығындарға кететін ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл, ең ақырында, компанияның айналым қаражатының және инвестициялық ресурстарын арттыруға, ұн, ет, сүт және сүт өнімдері түрінде қосымша құнмен азық-түлік түрлерінің артуына әкеледі. Аталған жоба ЕАДБ және "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ холдингі" АҚ ынтымақтастығы тарихындағы кезекті белес болып табылады. Бұдан бұрын Банк компанияның үш инвестициялық жобасын қаржыландырған болатын. Қосымша ақпарат алу үішн хабарласыңыз: Юлия Остроухова, +77019912843 Михаил Мзареулов, +79032446025 pressa@eabr.org [2011-11-02]