«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) Petromidia платформасындағы қондырғыларды сәтті қайта іске қосқаны туралы хабарлайды

30.11.11 16:28
ресми тізімінде тұрған биржаға 2011 жылдың 30 қарашасындағы баспасөз- хабарламасын ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ The Rompetrol Group осы аптада Petromidia платформасындағы өндірістік қондырғыларды жөндеу және қайта іске қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды, сондай-ақ, мұнай өңдеуші қуаттарды 5 миллион тонна шикізат алуға дейін арттыру жөніндегі бағдарламаны орындау мақсатында жаңа алты қондырғыны операциялық ағынға біріктіруді сәтті аяқтағанын хабарлайды. - Мұнай өңдеуші қуаттарды арттыру жөніндегі бағдарлама 2012 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады және The Rompetrol Group-тың Орталық және Шығыс Еуропадағы қатысуын нығайтуға мүмкіндік береді. Жобаның күрделілігі мен ауқымын есепке ала отырып, онда жобаның ойдағыдай іске асуына, сондай-ақ, 4000-нан астам операцияны қауіпсіздік жағдайында жүзеге асыруға көп үлес қосқан 2000-нан астам адам - The Rompetrol Group жұмыскерлері мен әріптестері еңбек етті, - деп, The Rompetrol Group Мұнайды өңдеу және мұнай химия жөніндегі дивизияның вице-президенті Александру Николчою атап айтты. Жоспарланған қондырғы шеңберінде техникалық қызмет көрсету, белгілі мұнай өңдеу қызметі бойынша жұмыстар, сондай-ақ, отын сапасын сақтау және арттыру үшін катализаторларды ауыстыру, газды күкіртсіздендіру қондырғысын жаңғырту және вакуумдық газойльді күкіртсіздендіру қондырғысын дизельдік жанармайды күкіртсіздендіру қондырғысына түрлендіру жүргізілді. Сонымен қатар жаңа азот өндіру қондырғысы мен жаңа алау жүйесі аяқталып, технологиялық ағынға біріктірілді. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының қазақ және орыс тілдерінденгі толық нұсқасын KASE веб-сайтынан http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_301111.pdf мекенжайы бойынша көруге болады. [2011-11-30]