ҚҰБ ҚҚК "Баян Сұлу" АҚ (Қазақстан) акцияларын 2011 жылдың 03 сәуірінен 02 қазанына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

09.11.11 15:04
/KASE, 09.11.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Баян Сұлу" АҚ (Қостанай) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 25 қазанындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес ҚҚК "2011 жылдың 03 сәуірінен 02 қазанына дейінгі кезеңде "Баян Сұлу" АҚ акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпараттарына сәйкес, 2011 жылдың 02 қазанындағы жағдай бойынша 55 340 000 аталған акциялар орналастырылмаған. [2011-11-09]