"Қазақстан Даму Банкі" АҚ "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі арасында акциялар пакетін сенімді басқаруға беру туралы келісім-шартқа қол қойылғаны туралы хабарлады

30.11.11 16:14
/KASE, 30.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана, бұдан әрі – Банк), биржаға ресми хат жолдап, төмендегі ақпаратты мәлімдеді. 2011 жылдың 7 қарашасында Банктің жалғыз акционері "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ және "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі" Мемлекеттік мекемесі арасында Банктің акциялар пакетін сенімді басқаруға беру туралы келісім-шартқа (бұдан әрі – Келісім-шарт) қол қойылғаны туралы хабарлады. Осы Келісім-шарт Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 10 тамызындағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай жетілдіру шаралары туралы" №136 Жарлығының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 28 қазанындағы "Кейбір акционерлік қоғамдардың акциялары пакетін сенімді басқаруға беру және мемлекеттік органның иелену және пайдалану құқықтары туралы" №1224 қаулысы негізінде жасалған. Сұрақтарыңыз болса, +7 (7172) 79-26-67/52 телефондары бойынша немесе borrowing@kdb.kz электронды поштасы арқылы хабарласуға болады. [2011-11-30]