ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) 2011 жылдың 28 қарашасында Лондон қор биржасындағы 34 857 ЖДҚ қайта сатып алғаны туралы хабарлады

29.11.11 14:54
/KASE, 28.11.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2011 жылдың 28 қарашасындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың 11 қазанында басталған акцияларды қайта сатып алу бағдарламасы аясында, 2011 жылдың 28 қарашасы күні бір Жаһандық депозитарлық қолхат ("ЖДҚ") үшін орташа бағасы US$15,31 Лондон қор биржасында (LSE) орналастырылған 34 857 ЖДҚ сатып алғанын туралы хабарлайды. Акцияларды қайта сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері Компания барлығы 620 264 ЖДҚ және 2 687 жай акцияны сатып алды. Байланыстық ақпарат: "ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600) Дәулет Жұмаділ e-mail: pr@kmgep.kz "ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433) Әсел Қалиева e-mail: ir@kmgep.kz Pelham Bell Pottinger +44 207 861 3147 Елена Добсон E-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk цитата соңы [2011-11-29]