Еуразия даму банкі А. Широковты ЕАДБ Бішкектегі (Қырғызстан) өкілеттігінің директоры лауазымына тағайындағаны туралы хабарлады

24.11.11 16:38
/KASE, 24.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Еуразия даму банкі, биржаға 2011 жылдың 24 қарашасында ұсынған баспасөз-хабарламасында төмендегі ақпаратты берді. Андрей Широков Еуразия даму банкінің (ЕАДБ) Бішкектегі Өкілеттігінің Директоры лауазымына тағайындалды. Осы қызметінде ол о.ж. тамыз айында ЕАДБ қатысушыларының құрамына енген Қырғызстан Республикасындағы Банктің жұмысын ұйымдастырумен, және ең алдымен – жоспар бойынша 2012 жылдың бірінші тоқсанында осы елдің астанасында оның Өкілеттігін ашу мәселелерімен айналысады. "Меніңше, Андрей Широковтың біздің қатарымызға қосылуы жобалық жұмысқа жаңа дем беріп, оны жаңа бағыттармен және идеялармен байыта түседі, - деп, ойын білдірді ЕАДБ Басқарма Төрағасы Игорь Финогенов. – Біз оның бірегей тәжірибесіне, іскерлік ебіне және жобаларды басынан бастау қабілетіне көп үміт артамыз –жақында ЕАДБ толық құқылы мүшесі аталған банктің Қырғыз Республикасындағы бизнесін дамыту үшін Андрей Широковқа дәл осы қасиеттері қажет болады". [2011-11-24]