"Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ Intergas Finance B.V. USN45748AB15, US45867EAB20 (INCAe2) еурооблигацияларының эмитентін ауыстыру мәмілесінің табысты аяқталғаны туралы хабарлады

25.11.11 14:45
/KASE, 25.11.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы), бүгін биржаға ақпараттық хабарлама жолдап, мәлімдеді: "Halyk Finance" АҚ Intergas Finance B.V. USN45748AB15, US45867EAB20 (INCAe2) Еурооблигацияларының (номиналы бойынша шығарылмын жалпы сомасы – $600 млн., жарты жылдық купон – 6,375%, өтеу мерзімі – 2017 ж.)эмитентін ауыстыру мәмілесі табысты аяқталды деп жариялайды, соның нәтижесінде аталмыш бағалы қағаздардың эмитенті осы кезде "Интергаз Орталық Азия" болып табылады, ал аталмыш Еурооблигациялар 11 қарашадан бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша, INCAe2 – сауда-саттық кодымен енгізілді. "Интергаз Орталық Азия" АҚ үшін эмитентті ауыстыру бойынша жобаны табысты жүзеге асыру "Halyk Finance" АҚ жоғарғы кәсібилігін тағы бір рет дәлелдеді және оның қазақтандық бағалы қағаздар нарығындағы белсенді қаржы кеңесшісі ретінде оның атқаратын рөлін, сондай-ақ Компанияның өз клиенттеріне қолдағы бар мәмілелерді құрылымдау, соның ішінде бағалы қағаздардың қолданыстағы шығарылымдары бойынша, алға қойылған мақсаттарға неғұрлым тиімді қол жеткізу бойынша, анық практикалық тәжірибесін растайды. Атап айтқанда, 2011 жылдың ақпан айында "Halyk Finance" АҚ эмитент ауыстыру бойынша кешенді мәмілені табысты аяқтап, соның нәтижесінде "Жайықмұнай" ЖШС 2010 жылдың қазан айында шығарылған Еурооблигациялары (номиналы бойынша шығарылымның жалпы сомасы – $450 млн., жарты жылдық купон – жылдық 10,5%, өтеу мерзімі – 2015 ж.) бойынша эмитенті ретінде Zhaikmunai Finance B.V. ауыстырды. Еурооблигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 24 ақпаннан бастап енгізілді (сауда-саттық коды – ZHMNe1). Үстіміздегі жылы, "Halyk Finance" АҚ "Global Finance" журналының пікірі бойынша " 2011 жылдағы Қазақстанның Үздік Инвестициялық Банкі" ("The Best Investment Bank in Kazakhstan 2011")номинациясын, KASE пікірі бойынша "2010 жылдың Жетекші Қаржылық Кеңесші" номинациясын және EMEA Finance журналының пікірі бойынша " 2010 жылдағы Қазақстанның Үздік Инвестициялық Банкі" ("The Best Investment Bank in Kazakhstan 2010") номинациясын ұтып алды. "Halyk Finance" АҚ – инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін көрсететін, соның ішінде қаржылық консалтинг және андеррайтинг (бағалы қағаздарды шығару және орналастыруды ұйымдастыру), корпоративтік қаржыландыру, соның әішінде M&A (акциялар мен үлестерді сатып алу/сату бойынша кеңес берушілік қызметтер) және корпоративтік борыштық қайта құрылымдау, сондай-ақ брокерлік қызметтер мен бағалы қағаздардың саудасын, Қазақстан қор биржасының сауда-саттық алаңында маркет-мейкер қызметін атқару, инвестициялық портфельді басқару және жүйелі талдаушылық қызметтерді жүзеге асыратын, Қазақстанның жетекші инвестициялық банкі. цитата соңы [2011-11-25]