"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер

09.11.11 14:47
/KASE, 09.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі - Корпорация) Биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады. 2011 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Корпорация Директорлар кеңесі құрамынан С.А. Құлмағанбетов (Директорлар кеңесінің мүшесі – Корпорацияның тәуелсіз директоры) мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты шығарылды. 2011 жылдың қарашасы арасында Корпорация Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі – Корпорацияның тәуелсіз директоры сайланатын болады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған, тәртіпке сәйкес үміткерді мақұлдау процедурасы жүзеге асуда. [2011-11-09]