"Қазкоммерцбанкі" АҚ XS0234398245, US486668AA44 (KKGBe24) халықаралық облигациялары 03 қарашадан бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

03.11.11 14:43
/KASE, 03.11.11/ – Бүдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2011 жылдың 31 қазанындағы шешімімен "Қазкоммерцбанкі" АҚ (Алматы) XS0234398245, US486668AA44 халықаралық облигациялары (($100,0 млн; мерзімсіз, айналыстың басталуы 09.11.05, жарты жылдық купон, 09.11.15 дейін – жылдық 9,20 %, бұдан әрі – АҚШ долларындағы LIBOR ұсынысының үш айлық мөлшерлемесі + жылдық 6,1905 %, 30/360) KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасындағы шарттарды орындағанына байланысты, 2011 жылдың 03 қарашасынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялар иелерінің тізілімі жүйелесін The Bank of New York Mellon (Нью-Йорк) жүзеге асырады. Аталмыш облигациялар бойынша негізгі төлем және трансферлік агенті The Bank of New York Mellon (Лондон) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) KKGBe24 берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар KASE веб-сайтында 2011 жылдың 03 қарашасында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kkgb мекен-жайы бойынша жарияланған. [2011-06-29]