"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) "Мемлекеттік тапсырыс-2012" қазақстандық қамтуды дамыту мәселелері бойынша кеңесуге өткені туралы хабарлады

24.11.11 15:42
/KASE, 24.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) биржаға 2011 жылдың 24 қарашасында ұсынған баспасөз-хабарламасында төмендегі ақпаратты мәлім етті. Ағымдағы жылдың 24 қарашасында Алматы қаласында мемлекеттік органдар, жүйелік мекемелер мен ұлттық компаниялар және отандық тауарөндіруші компаниялардың және ШОБ қатысуымен қазақстандық қамтуды дамыту бойынша «Мемлекеттік тапсырыс-2012» кеңесуі өтті. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ сервисті жобалары бойынша басқарушы директор Мазгум Мырзагалиев ҚМГ компаниялар тобының ағымдағы жылда Алматы қаласы және Алматы облыстарында өткізілген қазақстандық қамтуды дамыту бойынша атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы баяндады. Осы жылы аталған аймақтардағы кәсіорындардан "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ 68,2 млрд теңгеге тауар сатып алды, жұмыстарды - 57,3 млрд теңгеге, қызметтерді – 34,4 млрд теңгеге, сонымен қатар шағын және орта бизнестен – 63,8 млрд теңге, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ тобының тізімінде тұрған отандық тауарөндірушілерден – 12,7 млрд. теңге көлемінде қызметтерді сатып алды. Осы баспасөз-хабарламасының орыс және қазақ тілдеріндегі толық нұсқасын KASE веб-сайтынан http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_241111.pdf мекенжайы бойынша көруге болады. [2011-11-24]