Банк ВТБ Еншілес ұйымы АҚ (Қазақстан) өзінің Директорлар кеңесінің 2011 жылдың 14 қарашасындағы шешімдері туралы хабарлады

22.11.11 15:19
/KASE, 22.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Банк ВТБ Еншілес ұйымы АҚ (Қазақстан) (Алматы, бұдан әрі цитатада – Банк), биржаға ресми хат жолдап, өзінің Директорлар кеңесі 2011 жылдың 14 қарашасында төменде берілген шешімдерді қабылдағанын хабарлады. 1. Банктің аффилиирленген тұлғасы қызығушылық танытқан мәмілелерді жасау. 2. Банктің екі ішкі нормативтік құжатына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар бекітілді. 3. ЖШС қаржыландырудың шектемін 1 463 022 000 (бір миллиард төрт жүз алпыс үш миллион жиырма екі мың) теңге сомасында бекіту мақұлданды, бұл сома 9 900 000 (тоғыз миллион тоғыз жүз мың) АҚШ долларының баламасы болып табылады. [2011-11-22]