2011 жылдың 29 қарашасында "Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

21.11.11 12:42
/KASE, 21.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал) биржаға 2011 жылдың 29 қарашасында сағат 10:00-де өзінің қатысушаларының кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы мәлімдеме жасады, аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер: - "Жайықмұнай" ЖШС бас директорының өкілеттіктерінің мерзімін 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту; - Zhaikmunai Finance B.V. және "Жайықкмұнай" ЖШС арасында 2010 жылдың 10 желтоқсанында жасалған қосымша капитал заемы туралы келісім-шартқа сәйкес, Zhaikmunai Finance B.V. компаниясы берген 2 627 200 АҚШ доллары көлеміндегі заемды мерзімінен бұрын өтеу. Аталған жиналыс Орал қ., Еуразия көш., 59/2 мекенжайы бойынша өтеді. [2011-11-21]