"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) 2011 жылдың 17 қарашасында Лондон қор биржасындағы 1 669 ЖДҚ және KASE-дегі KZ1C51460018 (KZ000A0KEZQ2, RDGZ) 445 жай акцияны кері сатып алғанын хабарлайды

18.11.11 14:23
/KASE, 18.11.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) KASE-ге 2011 жылдың 18 қарашасындағы баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың 11 қазанында басталған акцияларды кері сатып алу бағдарламасы аясында 2011 жылдың 17-қарашасы күні бір Жаһандық депозитарлық қолхат ("ЖДҚ") үшін орташа бағасы 16,48 АҚШ долларынан Лондон қор биржасында (LSE) орналастырылған 1 669 ЖДҚ сатып алғанын хабарлайды, сондай-ақ бір жай акция үшін орташа бағасы 15 042,02 теңгеден Қазақстан қор биржасында орналастырылған 445 жай акцияны сатып алғанын хабарлайды. Акцияларды кері сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері Компания барлығы 409 718 ЖДҚ пен 1 287 жай акцияларды сатып алды. Байланыстық ақпарат: "ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600) Дәулет Жұмаділ e-mail: pr@kmgep.kz "ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433) Асель Калиева e-mail: ir@kmgep.kz Pelham Bell Pottinger +44 207 861 3147 Елена Добсон E-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk цитата соңы [2011-11-18]