"БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ипотекалық ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Қазақстан) KZPC3Y10B333 (KZ2C00000909, BTAIb5) облигациялары бойынша 14-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 9,00 % құрады

03.11.11 14:25
/KASE, 03.11.11/ – "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ипотекалық ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC3Y10B333 облигациялары бойынша (KZ2C00000909, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb5; 100 теңге, 4,0 млрд теңге, 11.05.05 – 11.05.15, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон) 2011 жылдың 11 қарашасынан бастап 2012 жылдың 10 мамырына дейінгі купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,00 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 11 қарашасына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,40 % пайызды құраған. [2011-11-03]