2011 жылдың 28 қарашасында "СЕНІМ-БАНКІ" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

07.11.11 12:32
/KASE, 07.11.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "СЕНІМ-БАНКІ" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға 2011 жылдың 28 қарашасында сағат 16:00-де банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізіледі деп хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз сұрақ компанияның 2011 жылға Директорлар кеңесі мен Басқармасы жұмысының нәтижелерін қарастыру болып табылады. Осы жиналыс: Алматы обл., Қарасай ауданы, Қарғалы а.о., Рахат е/м., Асқаров көш., 21/2, 1 п. мекен-жайы бойынша өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 15:30-дан бастап жасалады. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2011 жылдың 15 қарашасындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда банк акционерлерінің жалпы жиналысы 2011 жылдың 29 қарашасында жоғарыда берілген мекен-жай бойынша өткізіледі. [2011-11-07]