"Қазкоммерц Секьюритиз" АҚ-на ("Қазкоммерцбанкі" АҚ еншілес ұйымы) "Қазкоммерцбанкі" АҚ XS0234398245, US486668AA44, (KKGBe24) халықаралық облигациялары бойынша биржада маркет-мейкер мәртебесі берілді

03.11.11 12:38
/KASE, 03.11.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2011 жылдың 01 қарашасындағы шешімімен "Қазкоммерц Секьюритиз" АҚ-на ("Қазкоммерцбанкі" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) өтініші негізінде "Қазкоммерцбанкі" АҚ (Алматы) XS0234398245, US486668AA44 халықаралық облигациялары бойынша ($100,0 млн; мерзімсіз, айналыстың басталуы 09.11.05, жарты жылдық купон, 09.11.15 дейін – жылдық 9,20 %, бұдан әрі – АҚШ долларындағы LIBOR ұсынысының үш айлық мөлшерлемесі + жылдық 6,1905 %, 30/360) маркет-мейкер мәртебесі берілді. Маркет-мейкер үшін минималды міндетті баға белгілеулер көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленді. [2011-11-03]