2011 жылдың 07 қарашасынан бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттықтар ашылады

07.11.11 12:22
/KASE, 07.11.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 07 қарашасынан бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында мерзімі 1, 3 және 30 күндік жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде "Цеснабанк" АҚ (Астана) KZ1C33820016 жай акциялары (KZ000A0Q5HK5, KASE ресми тізімі, бірінші санат, TSBN) қолданылады. Репо операцияларына тиісінше R_TSBN_001, R_TSBN_003 және R_TSBN_030 кодтары берілді. [2011-11-07]