2011 жылдың 09 қарашасынан бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттықтар ашылады

09.11.11 11:57
/KASE, 09.11.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 09 қарашасынан бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында мерзімі 1, 3, 7, 14 және 28 күндік жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде "Қазақстан Эксимбанкі" АҚ (Алматы) KZPC1Y07C299 облигациялары (KZ2C00000735, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, EXBNb1; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 12.11.06 – 12.11.13, жартыжылдық купон жылдық 9,00 %; 30/360) қолданылады. Репо операцияларына тиісінше R_EXBNb1_001, R_EXBNb1_003, R_EXBNb1_007, R_EXBNb1_014 және R_EXBNb1_028 кодтары берілді. [2011-07-09]