"ЦентрКредит Банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің KZPC7Y10B656 XS0602554825 (CCBNe6) халықаралық облигациялары бойынша 2-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

08.11.11 13:20
/KASE, 08.11.11/ – "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 07 қарашасында өзінің XS0602554825 халықаралық облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, CCBNe6; $160,0 млн; 22.03.11 – 07.05.13; жарты жылдық купон жылдық 12,50 %, 30/360) екінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 10 055 558,40 АҚШ долларын құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс. [2011-11-08]