"Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) өзінің KZPC2Y10B467 (KZ2C00001394, CSBNb6) облигациялары бойынша 13-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

07.11.11 12:01
/KASE, 07.11.11/ – "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 04 қарашасында өзінің KZPC2Y10B467 облигациялары бойынша (KZ2C00001394, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, CSBNb6; 20 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 04.05.05 – 04.05.15; жарты жылдық купон жылдық 8,50 %, 30/360) он үшінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 350 854 500,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс. [2011-11-07]