"ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ холдингі" АҚ (Қазақстан) Fitch Ratings KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASTb3) облигацияларына рейтингілік бағалауды бергені туралы хабарлады

02.11.11 14:26
/KASE, 02.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ холдингі" АҚ (Астана) Fitch Ratings агенттігінің 2011 жылдың 17 тамызындағы баспасөз хабараламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. Fitch Ratings ҚазЭкспортАстық Холдингі АҚ (бұдан әрі – "ҚазЭкспортАстық Холдингі") 40 млрд. теңгеге жоспарланған эмиссиялық қамсыздандырылмаған бес жылдық облигацияларына рейтинг берді: ұлттық валютадағы күтілген қамсыздандырылмаған рейтингі "B(exp)" және активтердің қайтарымдылығы рейтингі "RR4". Сондай-ақ Fitch облигацияларға "BB(exp)(kaz)" деңгейінде ұлттық шкала бойынша ұлттық валютада қымсыздандырылмаған рейтингті берді. Осы баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KAST/kast_reliz_170811.pdf мекен-жай бойынша танысуға болады. [2011-11-02]