2011 жылдың 10 қарашасынан бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттықтар ашылады

10.11.11 10:59
/KASE, 10.11.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 10 қарашасынан бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында мерзімі intraday, 1, 2, 3 және 7 күндік жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде ВТБ Банк АҚ (Қазақстан) еншілес банкі KZ2C0Y04D904 облигациялары (Алматы) (KZ2C00000131, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, BVTBb1; 100 теңге, 15,0 млрд теңге; 11.12.10 – 11.12.14, жартыжылдық купон жылдық 7,00 %; 30/360) қолданылады. Репо операцияларына тиісінше R_BVTBb1_000, R_BVTBb1_001, R_BVTBb1_002, R_BVTBb1_003 және R_BVTBb1_007 кодтары берілді. [2011-11-10]