2011 жылдың 09 қарашасынан бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттықтар ашылады

09.11.11 11:57
/KASE, 09.11.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 09 қарашасынан бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында мерзімі 1, 3, 7 және 14 күндік жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде "Қазақстан Эксимбанкі" АҚ (Алматы) KZP02Y05C295 облигациялары (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, EXBNb2; 100 теңге, 9,00 млрд теңге; 07.06.07 – 07.06.12, жартыжылдық купон жылдық 9,40 %; 30/360) қолданылады. Репо операцияларына тиісінше R_EXBNb2_001, R_EXBNb2_003, R_EXBNb2_007 және R_EXBNb2_014 кодтары берілді. [2011-07-09]